Түркістанда карантин режимін бұзушыларға 4 млн теңге айыппұл салынды

7 Қаңтар 2021, 21:10
1050
Бөлісу:
Түркістанда карантин режимін бұзушыларға 4 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы аптасында карантин режимін бұзушыларға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында 2021 жылғы 1-7 қаңтар аралығында 104 мобильді топ шектеу шаралары кезеңінде қызметін жүзеге асыратын объектілерге мониторинг жүргізді.

Мобильді топтармен бір апта ішінде 612  нысан тексеріліп, 83  айыппұл салынды. Оның ішінде 82-сі жеке тұлғаларға, жалпы соммасы 3 587 910 теңге көлемінде және 1 жеке кәсіпкерге 335 455 теңге көлемінде айыппұл салынып, хаттамалар  толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы  3 923 365  теңгені құрады.

Бұзушылықтардың басым бөлігі жеке тұлғалардың бетперде режимін сақтамауына байланысты болады. Бизнес иесіне келетін болсақ, оған тиесілі қоғамдық тамақтану орнында келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақталмауы анықталды.

Өзгелердің жаңалығы