Байқаушылар сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті

7 Қаңтар 2021, 19:02
1751
Бөлісу:
Байқаушылар сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО бойынша сайлауалды партиялық емес бақылау орталығының басшысы, «Нұр» балалар үйі мен мектеп-интернаттары түлектерінің Батыс Қазақстан Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Геннадий Франк Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесу өткізді.

Аталған шараға «Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызы, «Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Тенишева Светлана Владимирқызы қатысты.

Кездесуді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Хамедулұлы байқаушыларымен сәлемдесумен ашып, осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Одан әрі облыстық сайлау комиссиясының төрағасы кездесуге келген байқаушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша ағымдағы сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Өз кезегінде, БҚО бойынша сайлауалды партиялық емес бақылау орталығының басшысы Геннадий Франк бүгінгі кездесу үшін алғысын білдірді. Барлық байқаушылар берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, ағымдағы сайлауды дайындау мен өткізуге қатысты түрлі сұрақтар қойды.

Кездесу соңында тараптар сайлауды ұйымдастыру мен өткізу және оларды байқау бойынша жұмыста өзара табыс тіледі.


Өзгелердің жаңалығы