Зергерлік бұйымдар ұрлаған пәтер ұрысы ұсталды

7 Қаңтар 2021, 18:46
1631
Бөлісу:
Зергерлік бұйымдар ұрлаған пәтер ұрысы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері алтын бұйымдар ұрлаған пәтер ұрысын ұстады, деп хабарлады Polisia.kz. 

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу оның тұрғын үйіне ұрлыққа түскен. 

Пластик терезесін бұзу арқылы кірген ұры, жәбірленушіге тиесілі түрлі алтын бұйымдарын жымқырып, жалпы құны екі миллион теңгеден астам шығын келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. 

Ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада жедел-тергеу тобы барды. Тәжірибелі аудандық полицейлер ұрлық болған үйді жақсылап тексеріп, күдіктіні ұстауға қажетті барлық шараны атқарды. Көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Осындай үш сағаттық жұмыстың ішінде күдікті анықталып, өз үйінен ұсталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан ұрланған заттардың бір бөлігі табылды.

Айғақты зат ретінде алынған заттар заңды иесіне қайтарылды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұдан бөлек тағы бір үйге ұрлыққа түсіп, құны 160 мың теңгелік теледидарын қолды қылған. Қазір күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Белгілі болғандай, күдікті үйде адам жоқтығын пайдаланып, есік-терезелерін бұзу арқылы арам ойын іске асырып отырған. Осылайша жеңіл жолмен ақша таппақ болған.

Тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде ұрлықтың құрбаны болған тұрғындар, жоғын тауып берген тәртіп сақшыларына алғысын айтты. Қиын да қауіпті жұмыстарына табыс тіледі. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға үйлерін қараусыз қалдырмауға кеңес берді. 

Өзгелердің жаңалығы