Жаңалықтар
-
-
8-сынып оқушысы «Елбасы медалінің» иегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Камила Шайпранова «Елбасы медалінің» иегері атанды.
15.03.2021
-
Министр: Бұл жұмыста науқаншылдық пен асығыстық болмауы керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласында тарихшы ғалымдармен және тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесті. Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
15.03.2021
-
Полицейлер Арыс қаласының тұрғынынан 4,5 келіден астам марихуана тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Арыс АПБ-нің полицейлері және аудндық прокуратура бірлесе отырып, аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдіктіні ұстады.
15.03.2021
-
Филармониядағы дәстүрлі «Таңғы жаттығу» мерекелік «Қара жорғаға» алмастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мерекесіне орай елорда төрінде 2021 жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясында дәстүрлі «Таңғы жаттығу» мерекелік «Қара жорға» биіне алмасып, «Көрісу - Амал мерекесі» өтті.
15.03.2021
-
Ақтөбеде «Құқықтық тәртіп» шарасы өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбеде 2 мыңнан аса әкімшілік-құқықбұзушылық анықталды.
15.03.2021
-
Түркіменстанда ит баптаушыларға атақ берілетін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Түркіменстанның еңбек сіңірген ит баптаушысы» мен «Түркіменстан халқының ит баптаушысы» құрметті атақтарын тағайындау туралы шешім шығарылды, деп жазды centralasia.media.
15.03.2021
-
COVID-19: Атырауда полицейлер вакцина ала бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
15.03.2021
-
Антиковидті препараттардың бағасы төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
15.03.2021
-
Қызылорда облысында газ жарылып, төрт адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова хабарлады.
15.03.2021
-
Қытай жаңалықтарынан кейін мұнай қайтадан қымбаттай бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар-ақпан айларында Қытайда мұнайға деген сұраныс 17%-ға, тәулігіне 13,326 млн баррельге дейін өсті, деп жазды korrespondent.net.
15.03.2021
-
Ресейлік жұмыртқалар кері қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар Қазақстанға заңсыз өткізілмек болған ресейлік 36 мың дана жұмыртқаны кері қайтарды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
15.03.2021
-
Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметін танып-білуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандыда тарихшылар, журналистер мен студенттердің қатысуымен «Әлихан Бөкейхан: Ұлы мұрат жолында» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ZOOM платформасында онлайн форматта өткен конференция Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 155 жылдық мерейтойына арналды.
15.03.2021
-
Қазақстан және Мысыр мүфтилері ортақ келісімге қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Каирдегі Пәтуа беру орталығында болып, Мысыр мүфтиі Шауқи Алламмен кездесті.
15.03.2021
-
Бір ай дегенді естімейтін болайын. Шөкеев жарықсыз қалған Түркістанды 1 аптада қалпына келтіруді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында ауа райының күрт өзгеріп, толассыз жауған жауын-шашынның арты бұрқасын дауыл мен қарға ұласып, салдарынан Бәйдібек, Отырар, Ордабасы ауданы мен Кентау және Арыс қаласының кейбір елді мекені ішінара жарықсыз қалған еді.
15.03.2021
-
Қазақстандықтар ҚХР-дағы туыстарымен қайта қосылуларына жәрдемдесуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-Қытай қатынастарының өзекті мәселелері Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің ҚХР Елшісі Чжан Сяомен кездесуінде талқыланды.
15.03.2021
-
Көкшетауда ұлттық нақыштағы сән көрмесі өтті
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық киімдерді ұлықтауға арналған сән көрмесі өтті.
15.03.2021
-
Иманғали Тасмағамбетовті Ресейге жұмысқа шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі болған саясаткер Иманғали Тасмағамбетов «КАМАЗ» ЖАҚ директорлар кеңесі мен ревизиялық комиссиясының құрамына кіруі мүмкін.
15.03.2021
-
Ұшақ апаты: ҰҚК ғимаратының туы төмен түсірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК баспасөз қызметі бүгін сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында «Бір минут үнсіздік» орнайтынын хабарлады.
15.03.2021
-
«Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» бағытында жүретін пойыз рейстері саны көбейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі № 202/201 «Нұр-Сұлтан-1-Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызының қосымша рейстері туралы хабарлады.
15.03.2021
-
ШҚО тұрғынына ұрланған бір үйір жылқысы қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарма аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 27 жастағы Белтерек ауылы шаруа қожалығының басшысы арызбен келіп, қаңтардың ортасында бір үйір жылқысының жоғалып кеткені туралы арызбен жүгінген. Еркін жайылымнан барлығы 24 бас ұрланған.
15.03.2021
Наверх