Медицина мекемелеріне жіберілген қателіктер үшін 5 млн теңгеден астам айыппұл салынған

20 Мамыр 2021, 12:23
1053
Бөлісу:
Медицина мекемелеріне жіберілген қателіктер үшін 5 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров елордада МӘМС жүйесінің жүзеге асырылу барысы туралы өткен брифингте айтты.

Қаңтар айында елордада 3600-ге жуық медицина қызметкеріне 1,3 млрд теңге үстемақы төленді. Ақпанда 4 мың медицина қызметкеріне 1,4 млрд теңге, наурызда 4,1 мың медицина қызметкеріне 1,5 млрд теңге төленді. Бірінші тоқсанда 4,2 млрд теңге үстемақы есептелді, - деді ол.

Нұрлыбек Қабдықапаров атап өткендей, елордада коронавирус инфекциясымен күрес аясындағы шараларды жүзеге асыру үшін 5,2 млрд теңге құрады.

Бүгінгі таңда медицина мекемелерінің сапалы қызмет көрсетуі бақыланып жатыр. Ол бойынша бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Медицина мекемелеріне жіберілген қателіктер үшін 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Ондағы олқылықтарды жою бойынша жасақтар құрылды, - деді ол.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры атап өткендей, елорда бойынша 2007 жыл мен 2021 жыл аралығында МӘМС бойынша 70 млрд теңге жиналғанын айтты.

Оның ішінде 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында елорда бойынша медицина сақтандыру үшін 12,7 млрд теңге жарна аударылды. Оның 6,3 млрд теңгесі – жұмыс берушілер аударымы, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық құқық сипатындағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер жарнасы – 6,4 млрд теңге, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы