Маман ыстықта қанша су ішу керек екенін айтты

20 Мамыр 2021, 11:35
1953
Бөлісу:
Маман ыстықта қанша су ішу керек екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ыстық ауа райында сіз көп сұйықтық ішуіңіз керек, бір килограмм салмаққа шамамен 40 миллилитр су қажет. Бұл туралы Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің ересектерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша штаттан тыс бас маманы Андрей Тяжельников айтты.

Маман адам ыстық ауа райы кезінде стресске жиі түседі, сол кезде дене температурасы жоғарылайды біздің организм бар күшін температураны қалыпқа келтіру үшін жұмсайды. 

Осыған байланысты адам ағзасы сұйықтықты көп тұтынады, ал ол термен жоғалып отырады. Сондықтан ыстықта суды көп ішу керек. 

Күнделікті осыншама су ішу керек деген қағида жоқ. Мұның бәрі физикалық белсенділіктің қарқындылығына, дене салмағына байланысты. Бір килограмм салмаққа шамамен 40 миллилитр су керек. Егер сіз үнемі қатты шөлдеп жүрсеңіз, сіздің организміңізде судың мөлшері аз дегенді білдіреді. Бірақ суды бірден көп мөлшерде ішпеңіз, суды асықпай кішкенеден бірнеше жұтымнан ішуі керек.  Сумен қатар морс, компот, квас, шай ішуге болады, - деді Тяжельников.

Сондай-ақ, дәрігер тәтті газдалған сусындарды, концентрацияланған шырындарды ішудің қажеті жоқ екенін атап өтті, өйткені олар шөлді қандырмайды, тек организмге ауыртпалық түсіреді.

Сондай-ақ, дәрігер сусындарды салқын, бірақ мұздай етіп ішпеу керектігін айтады. Өйткені дене температурасы мен сусынның арасындағы күрт айырмашылық ағзаға ауыр тиеді. Бұл иммунитеттің төмендеуіне әсер етеді.



Өзгелердің жаңалығы