Қай аймақтың жұмысшылары зиянды жағдайда жұмыс істейтіні анықталды

20 Мамыр 2021, 13:10
2240
Бөлісу:
Қай аймақтың жұмысшылары зиянды жағдайда жұмыс істейтіні анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов қай аймақтың жұмысшылары зиянды жағдайда жұмыс істейтінін айтты.

Соңғы 5 жылда (2016-2021 жылдар) өндірісте зардап шеккендердің саны 10,7%-ға, оның ішінде 1 683 адамнан 1 500 адамға дейін, қайтыс болғандар саны 16,2%-ға төмендеген.

Статистика жөніндегі уәкілетті органдардың деректеріне сәйкес 2020 жылы зерттелген кәсіпорындардың 1,6 млн жұмысшысының 367-сі немесе әр 4-іншісі зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс істеді. 2019 жылы бұл көрсеткіш 370 адамды құраған. Осы жағдайда жұмыс істейтін жұмыскерлердің көбі Қарағанды, Павлодар, ШҚО және Маңғыстау облыстарында, - деді ол.

Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, жоғарғы шу және діріл жағдайында шамамен әрбір екінші, сонымен бірге жұмыс айналасындағы ауаның газдануы мен шаңдануы жағдайында әрбір үшінші адам жұмыс істеген. 94 мың адам ауыр дене еңбегімен шұғылданған.

Жұмысшылардың қолайсыз еңбек жағдайлары экономикалық шығындарға алып келетіні белгілі. Былтыр елімізде 672 жұмысшы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін 1,141 млн теңге сомасында түрлі өтемақы алды. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары, - деп айтты еңбек инспекторы.

Өзгелердің жаңалығы