Депутат Цойдан шетелден қымбат вакцина тасуының себебін сұрады

20 Мамыр 2021, 13:06
4838
Бөлісу:
Депутат Цойдан шетелден қымбат вакцина тасуының себебін сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Айгүл Қаппарова Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан Қазақстан неліктен қымбат Hayat-Vax вакцинасын сатып алғанын сұрады.

Депутат Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені (ҚФК) негізінде ресейлік вакцинаны өндіруге Үкімет 18 млрд теңге бөлді.  2021 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 912 000 дозада «Sputnik V» өндіріліп, аймақтарға жеткізілді. Жамбыл облысында биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты шығарған QazVac вакциналарын шығаратын қазақстандық зауыттың құрылысы аяқталуға жақын екенін айтты.  

Жыл соңына дейін зауыт QazVac вакцина өндірісін айына 500 мың дозаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 2021 жылы сәуір айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 500 мың адамды вакциналау үшін 13,3 млрд теңге сомасына млн доза Hayat-Vax вакцинасын сатып алды. 

Қазақстан Hayat-Vax вакцинасының әр данасын - 62,2 долларға (26 645 теңге), «Спутник V» вакцинасын 26 долларға (11 138 теңге) сатып алып отыр, ал QazVac бағасы - 9,4 доллар (4 027 теңге). Сонда қымбат вакцина сатып алудың себебі неде?  Шетелдік өндірушілерден вакциналар сатып алу олардың өндірісінің төмендеуіне және отандық фармацевтикалық зауыттардың жабылуына әкеліп соқтырмай ма?, - деп сұрады депутат.

Министрдің айтуынша, вакциналардың көрсетілген бағасын өндірушілердің өзі қойған. 

Біз үшін ең маңыздысы қысқа мерзім ішінде вакцинамен қамту, тұрғындардың таңдауы болатындай жағдай жасау. Өздеріңіз білесіздер, жеткізу мен лимит бойынша тапшылық бар. Ал біздің ең басты мақсатымыз - қысқа уақыт ішінде халықты барынша вакцинамен қамту. Сондықтан бұл жұмыстар атқарылып, вакциналар жеткізіліп, иммундау жүйесінде қолданылып жатыр, - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, вакцинаны шығаратын қазақстандық зауыттың өндірісінде бірқатар препарат бар.

Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінің өндірістік алаңына келетін болсақ, бұл жерде бұл зауыт вакцинаны алғаш рет шығаратынын түсінуіміз керек. Енді өндіріс орындары вакциналар шығаруға бағытталды. Бірақ бұл өндіріс орындарында, сонымен қатар онкологиялық және басқа ауруларды емдеуге арналған биологиялық препараттар шығарылады. Сол себепті жабу туралы мәселе туындамады. Вакцина кестесі бойынша елімізде 20 түрлі вакцина салынады және оның өндірісі бар, сондықтан отандық фарминдустрияны қолдау керек, - деді министр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Сенат әкімдерді сайлау мен «Бәріне қарсымын» бағанын енгізуді қолдады.
Өзгелердің жаңалығы