Ауыл әкімдерін сайлау тәртібі өзгерді

20 Мамыр 2021, 12:49
18138
Бөлісу:
Ауыл әкімдерін сайлау тәртібі өзгерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат ауыл әкімдерін сайлау туралы заң қабылдады. Бұдан былай аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері тікелей сайлауда сайланатын болады.

Бұл туралы ҚР Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары Максим Споткай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, сайлауға жасы 25-ке толған азаматтар қатыса алады. Кандидаттарды саяси партиялар мен аудан әкімдері ұсынады.

Сондай-ақ азаматтар өзін өзі ұсынып, сайлауға кандидат ретінде қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін сол ауыл тұрғындарының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. Былтыр Ulttyq keńes-тің саяси реформалар жөніндегі тобы осы тақырыпқа қатысты бірнеше ұсыныс айтты. Соның бірі – ауыл әкімдерін тікелей жасырын дауыс беру арқылы сайлау және кез келген азаматтың сайлану құқығын шектемеу. Сол жолы ауыл әкіміне үміткерлерге қойылатын талап та жеңілдеу болсын деген тілегімізді айтқан едік, - деді ол.

Сонымен қатар Споткай қазақ халқының дана сөздерін мысалға келтірді.

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген өсиет бар. Сондықтан бүгін Сенатта қабылданған заңның маңызы өте зор. Президентіміз айтқандай, ауыл әкімдерін сайлауды жүзеге асырамыз деп асығыстық, науқаншылдық танытпау керек. Қазақстанның саяси транформациясы бір сәттік, популистік акция емес. Бұл реформа мағынасы жағынан стратегиялық сипатқа ие, - деді ол.

Ол бүгін сенаторлар Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған саяси реформаларды іске асыру аясында сайлау туралы заңнамаларға бірқатар түзету енгізгенін айтты.

Сонымен қатар бүгін сенаторлар Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған саяси реформаларды іске асыру аясында сайлау туралы заңнамаларға бірқатар түзету енгізді. Оның ішінде - саяси партиялардың Мәжіліс пен мәслихаттарға өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету және дауыс беру бюллетеньдеріне «Бәріне қарсымын» деген баған енгізу. Бұл заңдар Президентіміз бастаған саяси реформаларды іске асыру жолындағы келесі нық қадам деп айтуға болады. Ал бұл реформалардың түпкі мақсаты – елді демократизациялау процесін жалғастыру және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру деп қабылдаған жөн, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы