Мас күйінде көлік басқарған павлодарлық ұсталды

20 Мамыр 2021, 11:22
3790
Бөлісу:
Мас күйінде көлік басқарған павлодарлық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мас күйінде көлік басқарған павлодарлық ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізген екі күнде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 300 дерегін анықтады.

Жеті жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, 70 жүргізуші көлікті қауіпсіздік белдігінсіз жүргізді, 39 жүргізуші көлікті басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескені анықталды. Жүргізушілерден бөлек, 48 жаяу жүргінші де жауапкершілікке тартылды, олар жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткен, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Мысалы, сағат 01:20-да полиция қызметкерлері Тереңкөл ауданындағы ауылдардың бірінде ВАЗ 21074 маркалы автокөлігін басқарған ауыл тұрғынын тоқтатты. Көліктің салонында осы көліктің иесі де болған.

Медициналық қорытындыға сәйкес жүргізуші де, иесі де мас болған. Анықталғандай, спирттік ішімдіктерді бірге ішкеннен кейін автокөлік иесі көлік құралын басқаруды өзінің таныс досына берген, ол да мас күйінде болған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тереңкөл ауданының соты жүргізушіні 20 тәулік мерзімге қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Көлік құралының иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша көлік құралын жүргізушіге бергені үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Аудан соты бұл азаматты 15 тәулік мерзімге қамауға алу және жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру туралы қаулы шығарды.

Өзгелердің жаңалығы