Жаңалықтар
-
-
Елордадағы Күләш Байсейітова көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Күләш Байсейітова көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
10.07.2021
-
Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер арасындағы қылмыс төмендеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында белгілі болды. Жиынға Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Ғ. Жанбекова қатысты.
10.07.2021
-
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президенті Мұхаммед Абдул Хамидке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
10.07.2021
-
Ashyq: Алматыдағы 40-қа жуық мекеме жобадан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында екі апталық тексеруден кейін 39 кәсіпкер «Ashyq» жүйесінен шеттетілді. Оларға талапты сақтамағаны үшін жүйеге кіруге тыйым салынды.
10.07.2021
-
Президент: Біздің міндетіміз – екінші жартыжылдықта экономика өсімінің қарқынын арттыру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді. Бейнебайланыс режимінде өткен жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
10.07.2021
-
Ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі, әрі министр міндетін атқарушы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрінің м. а. Ербол Қарашөкеевті таныстырды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
10.07.2021
-
Елордада 800-ден аса сарбаз әскери ант қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық ұланнын 5573 әскери бөлімнің аумағында жас шақырылым сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімінің салтанаты онлайн режимде өтті.
10.07.2021
-
7 жасар балаға қатысты зорлық жағдайынан кейін мектеп басшылығы қызметінен шеттетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 жасар оқушының туыстары зорлық-зомбылық туралы мәлімдегеннен кейін мектеп директоры мен директордың орынбасары қызметінен шеттетілді, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
10.07.2021
-
Елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда басшылығының басты мақсаты қаланы тұрғындар үшін ыңғайлы ету болып қала бермек. Нұр-Сұлтанда ай сайын жаңа кешендер мен тұтас тұрғын үй кварталдары қолданысқа берілуде.
10.07.2021
-
ҚМДБ адам зорлады деген күзетшіге қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат құралдарында «Алматыда 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікпен мешіт күзетшісі ұсталды» деген мазмұнда жаңалық жариялануда. Осыған байланысты Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
10.07.2021
-
Маңғыстау облысы жыл қорытындысы бойынша алғашқы үштікте
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында белгілі болды. Мемлекет басшысы алдында биылғы жартыжылдықтағы өңірдің экономикалық дамуы туралы есеп берген Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов барлық салаларда оң қарқынның байқалғанын айтты.
10.07.2021
-
Мемлекет басшысы мемлекеттік қарызды басқаруға қатысты тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде айтылды. Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыздарды басқару бойынша тұжырымдама әзірлеу қажеттігін алға тартты.
10.07.2021
-
Тоқаев: Қоқыс төккендерді жазалауды күшейту керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде Мемлекет басшысы ел ішіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Рұқсатсыз қоқыс төккендерді жазалау туралы айтқан ол телефон арқылы жедел хабар желілерін іске қосуды ұсынды.
10.07.2021
-
Тоқаев Шымкент әкімінен ұзаққа созылған әуежайдың құрылысы туралы сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде елдегі барлық өңірлер бойынша маңызды мәселелер талқыға түсті. Соның ішінде, Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтен құрылысы әлі аяқталмаған әуежайға қатысты сұрады.
10.07.2021
-
Ауыл әкімдерінің сайлауы: Қостанай облысында 95 адам өз-өзін ұсынған
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай өңірінде ауыл әкімдерінің сайлауына қатысуға 160 кандидат өтініш берген. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко айтты.
10.07.2021
-
Президент COVID-19-бен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің үстемақы мәселесіне тоқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде айтты. Оның айтуынша, пандемиямен күресте жүйелік және ынталандыру іс-шараларына 200 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.
10.07.2021
-
Тоқаев жаңа оқу жылында оқытудың бұрынғы жүйесіне көшуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сәтте өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде айтты. Жиында білім беру саласындағы маңызды мәселелерге де тоқталған Мемлекет басшысы жаңа оқу жылында көштен қалып қоймау қажеттігін ескертіп айтты.
10.07.2021
-
Сапархан Омаров қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сапархан Омаров Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.
10.07.2021
-
Тоқаев Pfızer вакцинасын жеткізуді тоқтатқандарды жазалауды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сәтте өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде хабарлады. Өзіміз жасаған QazVac вакцинасының қолжетімді екендігін алға тартқан Мемлекет басшысы Pfızer екпесіне де тоқталды.
10.07.2021
-
Әкімдер сайлауы: Ең жас кандидат 25 жаста
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында ауыл әкімдігіне өзін-өзін ұсыну кeзеңі аяқталды. Кандидаттардың eң жасы 25-те, ал ең ересегі 61 жастағы азамат.
10.07.2021
Наверх