БҚДА: «Жедел желі» жұмысы аяқталды

19 Қаңтар 2022, 18:24
1303
Бөлісу:
БҚДА: «Жедел желі» жұмысы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезінде ұйымдастырылған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «Жедел желі» жүйесіне азаматтардан 2175 өтініш келіп түскен. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 8-19 қаңтарда ірі сауда желілері мен супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне, автогаз, бензин, дизель отыны және такси қызметтері мен агрегаторлары қызметтеріне негізсіз жоғары бағаларға азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін елімізде төтенше жағдай кезінде ұйымдастырылған Бәсекелестікті қорғау дәне дамыту агенттігінің «жедел желі» жүйесі бойынша азаматтардан 2175 өтініш келіп түсті. Азаматтардың барлық өтініштері қаралып, монополияға қарсы орган өз құзыреті бойынша жұмысқа қабылдады, бірқатар өтініштер жергілікті атқарушы және басқа уәкілетті органдарға берілді, - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, «жедел желі» жүйесінің жұмысы аяқталды.

2022 жылғы 19 қаңтардан бастап, елімізде төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің «жедел желі» жүйесінің жұмысы аяқталды. Азаматтардың одан әрі өтініштері заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданатын болады, - дейді агенттік өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы