Жанжігіт Омархан жаңа қызметке тағайындалды

19 Қаңтар 2022, 16:02
2136
Бөлісу:
Жанжігіт Омархан жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін ол ШҚО әкімдігінде БАҚ-пен жұмыс жөніндегі құрылымдарды басқарған Жанжігіт Омархан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Ж.Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде "Журналистика" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша білім алған, сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының түлегі. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Журналистика" мамандығы бойынша магистратурасын тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы "Астана" телеарнасында бастады, онда журналист-редактор және бағдарламалар жүргізушісі болып жұмыс істеді.

2011-2015 жылдар аралығында "QAZAQSTAN" ұлттық телеарнасы және "Еуразия-Бірінші арнасында" бағдарламалар мен ток-шоулардың жүргізушісі.

2016 жылы - "Астана" телеарнасының "Өзекті" авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.

2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы қызметiн атқарды.

Өзгелердің жаңалығы