Жаңалықтар
-
-
Өскемен әуежайы жұмысын қайта бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығының әуе айлағын реконструкциялау жұмысы белгіленген кестеден бұрын атқарылып жатыр. Әуежайдағы жұмыстарды қадағалаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осылай деді.
12.08.2021
-
Белгілі кинотанушы, ұстаз Раушан Оспанова қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі кинотанушы, ҚР Кинематографистер одағының мүшесі, ұстазымыз Раушан Ғазизқызы Оспанованың әлемді жайлаған мына індеттің құрығына түсіп, ауруханада жатыр дегенді естігенімізге де көп бола қоймап еді. Бүгін өмірден өтті деген қайғылы хабар келіп, қабырғамыз қайысып отыр деп жазды кинотанушы, өнертану кандидаты Нәзира Мұқышева facebook-парақшасында.
12.08.2021
-
Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша тағы бір отбасы қоныс тойын тойлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жамбыл облысында «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша 134 баспананың құрылысы жүргізіліп, мұқтаж отбасыларға беріледі деп жоспарланған. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған жоба биыл да жалғасын тауып, аудандарда жүзеге асырылуда. Игілікті іске ұйытқы болған ерікті жандардың көмегімен Меркі ауданының тұрғыны Қобылан Жүсіповтің отбасы қоныс тойын тойлады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
12.08.2021
-
Генерал-майор патриот жастарды тәрбиелеудің әдістерін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Патриотизм көбінесе пікірталас тақырыбына айналады. Кейбіреулер үшін патриотизм туған үйге деген сүйіспеншіліктен басталады, ал басқалары үшін туып-өскен елге деген сүйіспеншілік кез келген құрбандыққа дайын болу. Қазіргі жағдайда патриотизмді қалыптастыру ерекше мәнге ие әрі күрделі міндеттердің бірі. Бұл - Қорғаныс министрлігі қызметінің басты бағыттарының бірі. Әскери қызметшілер мен жас қазақстандықтарға әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай – ақ ардагерлермен жұмыс жасау туралы Бас штаб бастығының орынбасары-тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Бурамбаев айтып берді.
12.08.2021
-
Astana Hub Seed Money технологиялық жобаларын қаржыландыратын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana hubSeed Money технологиялық жобаларын қаржыландыру бағдарламасын қолға алды. Бұған дейін жұмысын жаңа бастаған ІТ-кәсіпкерлер стартаптарын дамытуға ақша таба алмай қиналушы еді, енді бұл мәселені шешу мүмкіндігі ұсынылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин facebook-парақшасында жазды.
12.08.2021
-
Қуаңшылық: Маңғыстау және Түркістан облыстарына бөлінген қаражат қалай жұмсалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрдің м.а. Ербол Қарашөкеев мәлім етті.
12.08.2021
-
Дәурен Абаев Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялануына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында айтты. Ол сұхбат барысында айдың басында Мемлекет басшысының Жамбыл облысының әкіміне берген сөгісі туралы пікір білдірді.
12.08.2021
-
Алматының Алатау ауданы мемлекеттік бюджетке 31 млрд теңгеден астам қаражат құйған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков онлайн брифинг барысында Алатау ауданының 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.
12.08.2021
-
Мал шаруашылығын дамытқымыз келсе, жем-шөп өндірісінен бастау керек – Ербол Қарашөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында “Елдегі жемшөп дайындау және Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы құрғақшылық салдары” тақырыбында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрдің м.а. Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.
12.08.2021
-
Сағынтаев спорт нысандарын қолжетімді етуді тапсырды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында жеке инвесторлар есебінен салып жатқан бірқатар спорт нысандарында болды.
12.08.2021
-
Ведомство басшысы: Биылғы құрғақшылыққа дайын болмадық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев хабарлады. Ведомство басшысы құрғақшылық салдарын жою және залалды азайту бойынша шараларды қабылдау қажеттігін алға тартты.
12.08.2021
-
Күзде еліміздің спорт саласында өзгерістер болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында айтты. Сұхбат барысында ол өткен аптада мәресіне жеткен Токио-2020 жазғы олимпиада ойындарындағы ел құрамасының нәтижесін талқыға салды.
12.08.2021
-
Нұр-Сұлтанда отбасы институтын нығайту мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тақырыбында онлайн-кеңес өтті. Қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін талқылады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
12.08.2021
-
Түркістан полицейлері танысының атынан несие рәсімдеген әйелді анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғын шағым түсіріп, өзінің бұрынғы танысын қылмыстық жауапқа тартуды сұраған. Әйелдің айтуынша, ескі танысы оның атынан заңсыз 90 000 теңге несие алған. Бүгінде бұл қарыз өсіп кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеуге алды.
12.08.2021
-
Дәурен Абаев: Қазақстанда орыс тілі қысым көріп отыр деу – әділетсіздік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында бірқатар сұрақтарға жауап берді. Отандық қана емес, ресейлік ақпараттық кеңістікті елең еткізген оқиға талқыға түсті.
12.08.2021
-
«Шим Чонг». Қазақстандықтар Корей балетін тамашалай алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кореяның Қазақстандағы елшілігінің корей мәдени орталығы 2021 жылғы 14-15 тамыз аралығында «Шим Чонг» Корей халық ертегісінің желісі бойынша дайындалған балеттің онлайн көрсетілімін өткізеді.
12.08.2021
-
Сот ғимараттарында 200-ден астам фронт-кеңсе жұмыс істейді – судья
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Аслан Түкиев сот жүйесі мәселелерін ашық сарапшылық талдау барысында айтты.
12.08.2021
-
Қызылорда облысы Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының Мәдениет басқармасының басшысы пара алу бойынша күдіктенді.
12.08.2021
-
Нұр-Сұлтанда «Сайран» аула клубы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Астана жастары» КММ-мен бірлесіп «Сайран» тұрғын үй кешенінде орналасқан жаңа аула клубын ашты.
12.08.2021
-
Қазақстан-Пәкістан әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштері штабтар бастықтары біріккен комитетінің төрағасы генерал Надим Раза Қазақстанға ресми сапармен келді.
12.08.2021
Наверх