Тоқаштан шыққан тышқан. Елордалық СЭС оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

22 Ақпан 2022, 14:09
2616
Бөлісу:
Тоқаштан шыққан тышқан. Елордалық СЭС оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті  оңалту мекемесінде орын алған жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

Қазіргі уақытта таралған ақпаратта көрсетілген өнімді дайындаушы мен жеткізушіні анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткізген және қабылдаған іс-шаралар туралы алдағы уақытта хабардар ететін боламыз, - деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Тоқаштан шыққан тышқан. Елордалық СЭС оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

Еске сала кетейік, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде Кенжегүл Тергембай есімді қолданушы елордалық оңалту мекемесінде орын алған жайт туралы ақпарат таратқан болатын. Нақтырақ айтқанда, астанадағы Республикалық балаларды оңалту орталығының асханасында тәтті тоқаштан өлі тышқан табылған. 

Тоқаштан шыққан тышқан. Елордалық СЭС оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

Республикалық балаларды оңалту орталығында балаларға берген ас-ауқаттан (коржиктен) тышқанның баласы шыққан. Сол жерде жатқан бір ана уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтілген. Тағам сапасының өте нашар екенін айтып ата-аналар шағымдануда, - деп жазды белсенді.  

Тоқаштан шыққан тышқан. Елордалық СЭС оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр

Белгілі болғандай, қоғам белсендісіне оңалту орталығында емделіп жатқан баланың анасы шағым айтып, фото мен видео жіберген. 

Өзгелердің жаңалығы