Бәйменов: «Қасіретті қаңтар» мемлекеттік басқаруды жаңаша жетілдіру қажет екенін көрсетті

22 Ақпан 2022, 15:06
1617
Бөлісу:
Бәйменов: «Қасіретті қаңтар» мемлекеттік басқаруды жаңаша жетілдіру қажет екенін көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті. 

«Қасіретті қаңтар» тағылымдарынан түйін түю, әрине бұл ұзақмерзімді біздің қоғам мен мемлекеттің алдындағы маңызды жұмыс. Дегенмен бүгінгі алқа отырысында қаңтар оқиғасымен ой алысқанды жөн көрдім, - деді ол Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар хаб Төрағасы мемлекеттік басқаруда тың тәсілдер енгізу керек екенін айтты.

Біріншіден, «қасіретті қаңтар» мемлекеттік басқаруды жетілдіруді қажет екенін көрсетті. Екіншіден, мемлекеттік басқаруды жаңаша жетілдіруді талап ететінін  айқындады. Бұл істе алдымен назар аударатын жәйт мемлекеттік басқаруды жетілдіруде әлеуметтік зерттеулер мен ғылыми зерттеулерге сүйену қажет. Дамыған елдерде Үкімет қабылдайтын шешімдерді ғылыми зерттеуге негіздеу туралы заңдар бар. Сондай заң біздің басқару жүйемізге де керек. Бұрынғы Кеңес Үкіметіне кірген аймақта  соңғы уақытқа дейін мемлекеттік басқаруға мән берілмей келді. Сондықтанда көптеген зерттеулердің нәтижелері тек жиындарда назар аударылды, - деді Әлихан Бәйменов. 

Өзгелердің жаңалығы