Дәурен Абаев қандай туристік орындар ұнайтынын айтты

22 Ақпан 2022, 14:33
1629
Бөлісу:
Дәурен Абаев қандай туристік орындар ұнайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев турист ретінде өзіне ұнаған жерлерді айтып берді. 

Биыл еліміздің 2-3 өңірін аралаймын. Яғни сол жерлердің туризм әлеуетін танып, оны насихаттау мақсатында турист ретінде барамын. 2021 жылы екі туристік жерге бардым. Оның біріншісі, Маңғыстау өңірі. Мұнда маған құмды Сенек ауылы, Бозжыра, Торыш шар алқабы және Айыртау қатты ұнады, - деп айтты Дәурен Абаев өзі аралаған туристік жерлер туралы.

Сондай-ақ Павлодар облысы трассасы бойындағы Сілеті мен Жаушоқы жерлері ерекше әсер қалдырды.

Енді бүкіл қазақстандыққа осы жерлерге барыңдар, келіңдер деп айта алмаймын. Бірақ 2021 жылы ұнаған жерлерім осы өңірлер болды. Ал биыл 2-3 туристік жерге барғаннан кейін оны да насихаттап, айтып беремін, - деп жауап берді Мәдениет және спорт министрі алқа отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына.

Айта кетейік, бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткен болатын.

Отырысқа Президент Әкімшілігі, ҚР Парламенті, Үкімет өкілдері, министрліктің Қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ, облыстық туризм басқармаларының басшылары, бизнес және туристік қоғамдастық өкілдері қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы