Қаңтар оқиғасы. Қай өңірлерде қамалған азаматтар көп?

22 Ақпан 2022, 13:18
1265
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Қай өңірлерде қамалған азаматтар көп?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова хабарлады. Оның айтуынша, ұсталған азаматтардың туыстары қоғамдық қорғаушы болуға құқылы. 

Бастапқыда ұсталған азаматтардың көп бөлігі олардың туыстары қоғамдық қорғаушы бола алатынын білмеген. Бүгін олардың басым көпшілігінде қоғамдық қорғаушы бар. Барлық аталған қадамдар аса қажет. Себебі қудалауға қатысты үрей мен қорқыныш тудыратын хабарламалар келуі тоқтар емес, - деп атап өтті омбудсмен. 

Сонымен қатар ол адамдар көп ұсталған өңірлерге тоқталды. 

Ұлттық алдын алу механизмдерінің аймақтық топтары елдің бүкіл өңірінде тергеу изоляторларына, уақытша ұстау изоляторы мен қабылдап тарату бөлімдеріне 118-ден астам рет барып, мониторинг жүргізген. Құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағамбетовамен бірігіп көп азаматтар қамалған мекемелерге мониторинг жүргізудеміз. Бұл Алматы, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Атырау, сондай-ақ Семей қаласындағы тергеу изоляторлары. Аталған мониторинг жалғасады, - деді Эльвира Әзімова. 

Өзгелердің жаңалығы