Қаңтар оқиғасы. Қамаудағы бірнеше азамат медициналық отаға мұқтаж

22 Ақпан 2022, 14:41
1364
Бөлісу:
Қаңтар оқиғасы. Қамаудағы бірнеше азамат медициналық отаға мұқтаж

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова хабарлады. 

Жабық мекемелерде жаралылар мен соққыға жығылғандардың көп екендігі туралы мәселе жиі көтерілетініне байланысты мынаны атап өткім келеді. Бұл хабарламалар 8 қаңтардан кейін бір апта ішінде әлеуметтік желіде өте көп таратылды. Бүгінгі таңда қамалған азаматтардың арасында түрлі деңгейде жарақат алған 55 адам бар. Олардың ішінде 8 адамда сыну мен 213 адамда гематома анықталды. Қазіргі уақытта олардың барлығы мекеменің ішінде медициналық ем қабылдауда. Осы орайда, қамауға алынғандардың көпшілігі ұсталған соң алғашқы сағаттарда және уақытша ұстау изоляторына түскенге дейін жедел медициналық жәрдемге қол жеткізе алмағандарын айтты, - деп атап өтті Эльвира Әзімова. 

Сонымен қатар 9 қаңтар күні ауруханалардан адамдарды изоляторларға алып кетуге қатысты пікір білдірді. 

ІІО азаматтарды ауруханаға қайтару бойынша түбегейлі шешім қабылдады. Оның үстіне, бұл жайт үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Сонымен қатар Алматы қаласы мен облысындағы кәмелетке толмаған бірнеше азаматтардың термиялық күйік алғаны туралы хабарламалар да қоғамды дүрліктірді. Олардың барлығы қазіргі уақытта ешқайда кетпеу туралы қолхат немесе туыстарының кепілгерлік беруімен қамаудан босатылды. Бұл деректер бойынша тексеру басталды. Ал қамаудағы кейбір азаматтар медициналық отаға мұқтаж. Бір азамат сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Прокуратура біздің өтінішімізді қарастырып жатыр, - деді омбудсмен, - деді омбудсмен. 

Өзгелердің жаңалығы