Тоғжанов туризмді дамыту үшін Сингапур тәжірибесін терең зерттеу керегін айтты

22 Ақпан 2022, 13:00
1256
Бөлісу:
Тоғжанов туризмді дамыту үшін Сингапур тәжірибесін терең зерттеу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Мәдениет және спорт министрлігінің туризм саласы бойынша алқа отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов туризмді дамыту үшін Сингапур тәжірибесін терең зерттеу керегін айтты.

Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан туристік саланың негізгі индикаторлары көтеріліп келе жатыр. Оны өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар. Осы қарқынды сақтауымыз үшіе бар мүмкіндікті пайдалануымыз қажет. Бұл ретте Маңғыстау мен Түркістан сияқты туристік бағыттарға назар аудара отырып, басқа бағыттар мен аймақтарды да дамытуымыз керек. Атап айтқанда, мәдени және спорттық іс-шаралар күнтізбесін қайта қалпына келтірген жөн, - деп айтты Үкімет басшысының орынбасары.

Тоғжанов туризмді дамыту үшін Сингапур тәжірибесін терең зерттеуге болатынын айтты.

Бұл мемлекеттер осының бәрінен өтті. Оларда мұнай, жер, қазба байлықтары біздің мемлекетіміздегідей деңгейде емес. Олар туризмді дамыту үшін ең алдымен нақты іс-шараларды көбейткен болатын, - деп түсіндірді Ералы Тоғжанов.

Алқа отырысында Премьер-министрдің орынбасары Мәдениет және спорт министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бәрлесіп, якорлық іс-шараларды өткізуді тапсырды.

Оны әр аймақ бойынша нақтылау керек. Әрине Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары негізгі бағыттар деп ойлаймыз. Көрсетілген шаралар отандық туристік саланың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік туғызады, - деп атап өтті Тоғжанов алқа отырысында.

Өзгелердің жаңалығы