Жаңалықтар
-
-
Елімізде цифрлық трансформация көшбасшылары даярлануы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 7 қыркүйегінде Мәскеу халықаралық білім алаңында BCPD Ltd. басшысы Эльмира Обри және 2035 университетінің бас директоры Нина Яныкина келісімдерге қол қою арқылы цифрлық трансформациялардың басшыларын дайындауға арналған бірлескен бастамаларды жүзеге асыратындарын жариялаған болатын.
11.10.2021
-
Елімізге Моңғолияның ұлттық спорт бағытындағы делегациясы келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізге Моңғолия этноспорт федерациясының өкілдері келді. Көрші елдің этноспорт бағытындағы делегациясының құрамында федерация президенті Энэбиш Мөнх-Очир, вице-президенті Ром Әуесхан және федерациясының атқарушы директоры Ғылымхан Ермекей бар.
11.10.2021
-
Ресейлік әйел екі баласымен 19-қабаттан секіріп, мерт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Мәскеу қаласында Левобережная көшесінде орналасқан тұрғын үйдің ауласынан 33 жастағы әйел мен кәмелет жасқа толмаған екі баланың денелері табылды. Алдын ала мәлімет бойынша олар 19-қабаттан секіріп кетіп, мерт болған.
11.10.2021
-
Қазақстан мен Словакия парламентаралық қарым-қатынасты нығайтуға ниетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілісте Н.Нығматулин мен Словакияның Сыртқы істер министрі Иван Корчоктің кездесуі өтті.
11.10.2021
-
Велоспорт. «Астана» екі шабандозбен жаңа келісімшарт жасасты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Юрий Натаров пен Евгений Гидич «Астана» велокомандасымен келісімшарт мерзімін ұзартты.
11.10.2021
-
Әскери зейнеткерлер айырбастау құқығын пайдалану арқылы тұрғын үйді жекешелендіре алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2018 жылы тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізілгеннен кейін әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жағдайында оң өзгерістер бар. Осы уақыт аралығында 9 мыңнан астам әскери қызметші үйлі болды.
11.10.2021
-
Павлодар облысында құс тұмауы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Тереңкөл ауданына кіретін Березовка аумағына карантин енгізілді.
11.10.2021
-
Жамбылдық полицейлер ірі көлемдегі есірткі партиясын анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 2 қазанында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу ауданынан 100 шақырым жерде 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын дайындау кезінде ұстады.
11.10.2021
-
Алматыда 5G желісі қай аумақта іске қосылғаны белгілі болды
Алматы, BAQ.KZ. 5G желісі Алматыда қазір белгілі бір аймақтарда ғана қолжетімді. Олардың бірі – қала тұрғындары жиі серуендейтін Панфилов көшесі.
11.10.2021
-
Елордада 259 нысан ерекше қажеттіліктері бар жандарға бейімделмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы Нұр-Сұлтанның әлеуметтік инфрақұрылымының 259 нысаны ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандустармен, зағип жандарға арналған бағыттаушы белгілермен және т.б. бейімделеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
11.10.2021
-
Тегеранда Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегеранда (Иран) Қазақстанның екі күндік сауда-экономикалық миссиясы басталды. Машина жасау, тамақ, фармацевтика өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі өнімдерін ұсынатын жиырма қазақстандық компания өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін ұсынады.
11.10.2021
-
Тоқаев Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Иван Корчокты қабылдады.
11.10.2021
-
Шымкент тұрғындарының 100%-ы екпенің І компонентін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті. Үшінші мегополисте індеттің таралуы азайып, инфекциялық стационардағы төсек орындардың басым бөлігі қысқартылды. Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша бұл – иммундау шарасының нәтижесі.
11.10.2021
-
Сенаторлар Каспий теңізінің биоалуандығын сақтау жөніндегі заң жобасын қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 14 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
11.10.2021
-
Академия елдегі жобалық менеджментті дамыту алаңына айналып отыр – Ерлан Әбіл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жуырда «QAZAQSTAN PROJECT MANAGEMENT AWARDS-2020» қазақстандық жобасы IPMA Global Project Excellence Awards – 2021 дүниежүзілік байқауының алтын жүлдесін жеңіп алды. Жобаның маңыздылығы қандай? Халықаралық сарапшылар қандай баға берді? Отандық жобаның басқа елдерден артықшылығы неде? Осы және өзге де сұрақтарға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл жауап берді.
11.10.2021
-
Өнеркәсіп өнімдерінің бағасы төмендеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қыркүйекте өнеркәсіп өнімдерінің бағасы тамыз айымен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеген.
11.10.2021
-
Алмат Кебіспаев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Норвегияда күрес түрлерінен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Осло бозкілемінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Алмат Кебіспаев қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын айтты.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
11.10.2021
-
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
11.10.2021
-
Интернет-алаяқтар күшейе түсті – комитет төрағасы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы Асқар Тынысбеков мәлім етті.
11.10.2021
-
Мемлекет басшысы елордада өтетін халықаралық конференцияға қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртегіне бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияға қатысады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
11.10.2021
Наверх