Қазақстан мен Ресей Жайықтың экожүйесін сақтау мәселелерін талқылады

27 Сәуір 2022, 22:14
1165
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей Жайықтың экожүйесін сақтау мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2016 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімге сәйкес 2022 жылғы 21 сәуірде Омбы қаласында Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей Комиссиясының үшінші отырысы өтті.

Комиссияны Қазақстан тарапын Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Б. Сүлейменова, Ресей тарапын Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары С.Н. Ястребов басқарды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, екі тараптың мемлекеттік органдарының, жұртшылықтың өкілдері қатысты.

Тараптар Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі қазақстан-ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы туралы ақпаратты тыңдады және қабылдады.

Қазақстан тарапы ғылыми-зерттеу жұмыстары, Жайық өзені бассейніне кешенді тексеру жүргізу, Жайық өзені бассейнін бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарына балықтандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру, каналдар мен суландыру жүйелерін қайта жаңарту, орманды қалпына келтіру, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, жағалауды нығайту, түбін тереңдету, тазалау жұмыстары және басқа да іс-шаралар туралы хабардар етті.

Ресей тарапы, өз кезегінде, «Жайық трансшекаралық өзенінің бассейніндегі ағынды реттеудің салдарын экологиялық бағалау және өзенді экологиялық оңалту/сақтау және қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу» тақырыбына ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге арналған техникалық тапсырма жобасын бекіту, қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектілерге түгендеу жүргізу, тазарту құрылысы, балықтандыру, волонтерлерді тарта отырып, экологиялық акциялар өткізу жөнінде хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей аумақтарының трансшекаралық тұстамаларында Жайық және Елек өзендері суының сынамаларын бірлесіп іріктеуді жүргізу туралы мәселе қаралды. Тараптар жер үсті суларының сапасы мониторингінің нәтижелерін ұсынды және талдау нәтижелері негізінен салыстырмалы екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы