Елорда аудандарында санитарлық тазалау мен көгалдандыру қалай жүріп жатыр

27 Сәуір 2022, 19:33
1327
Бөлісу:
Елорда аудандарында санитарлық тазалау мен көгалдандыру қалай жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда күн райы жылынған уақыттан бастап, санитарлық тазарту жұмыстары белсенді жүріп жатыр.

Коммуналдық қызметтер арнайы техникамен жабдықталып, асфальтты тұстарды, тротуарларды, аялдамаларды жуып, қала аудандарын көгалдандырумен айналысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жүйелі санитарлық тазалау аясында Есіл ауданының көшелеріне 198 бірлік техника мен 1002 қызметкер шықты. Сонымен қатар, Алматы ауданының коммуналдық қызметтері санитарлық тазалауға 110 бірлік техника мен 350 жол маманын жұмылдырды. Байқоңыр ауданында 271 адам мен 71 бірлік арнайы техника, Сарыарқа ауданында 161 бірлік арнайы техника мен 455 жұмысшы аумақты тазалауға кірісті.

Жол қызметкерлері асфальт пен тротуарларды, аялдамалар мен жол белгілерін, қоршаулар мен жер асты өткелдерін арнайы ерітіндімен жуады. Коммуналдық қызметкерлер тиісті аумақтарды күнделікті тазалайды: саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, аула аймақтары, аялдамалар, қоршаулар және т.б. тұстар қоқыстан тазартылады.

Сол сияқты ауданды көгалдандыру, ағаштардың түбін қопсыту, отырғызу орындарын дайындау бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Еске салайық, 1 мамырдан бастап қалада субұрқақтар іске қосылады, осыған байланысты оларды қайта іске қосу жұмысы жүргізілуде.
Коммуналдық қызметтер екі ауысымда жұмыс істейді, тазалық жұмысы тәулік бойы жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы