iQala.kz порталы жұмысын тоқтатады

27 Сәуір 2022, 21:48
1567
Бөлісу:
iQala.kz порталы жұмысын тоқтатады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың бірінші мамырынан бастап iQala www.iqala.kz Қалалық қызметтер орталығының порталы барлық пайдаланушылар үшін қол жетімді болмайды.

Ресурс жұмысының техникалық тоқтатылуы жобаның елордадағы цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасына берілуімен байланысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы мен хаттамалық тапсырмасына сәйкес жүргізілуде.

Орталық клиенттеріне көрсетілген қызметтердің нәтижелерін сақтау үшін 30 сәуірге дейін жеке кабинеттеріндегі бар мәліметтерді, оның ішінде шарттарды, актілерді, техникалық шарттарды және т. б. жүктеу және/немесе сақтау ұсынылады.

Орталықтың клиенттері көрсетілген қызмет нәтижесінің екінші данасын тікелей қызмет көрсетушілерден ала алады.

Бірінші мамырдан кейін тұрғын үй-коммуналдық сектор ұйымдарының қызметтерін алуға байланысты барлық мәселелер бойынша тұрғындар "Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы" ММ-ге жүгінулері керек.

Айта кету керек, iQala орталығының фронт-офисі жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Мекен-Жайы: Р.Қошқарбаева 29/1.

Өзгелердің жаңалығы