Таразда күйеу баласы қайын енесінің үйін тонаған

27 Сәуір 2022, 18:46
1204
Бөлісу:
Таразда күйеу баласы қайын енесінің үйін тонаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының полиция бөліміне  66 жастағы әйел тонау дерегі туралы хабарлама түскен.

Шамамен сағат түнгі он екіден кете белгісіз ер адам үйіне баса-көктеп кіріп,  қорқытып, 2450 АҚШ долларын, 100 000 теңгесін, 2 алтын сақинасы мен ұялы телефонын алып кеткен, - делінген хабарламада.

Жәбірленуші әйелдің  айтуынша, ол қажылыққа бару  үшін ақша жинаған.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің  191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 47 және 51 жастағы тұрғындары,  сондай-ақ, күдіктілердің бірі-жәбірленушінің күйеу баласы болып шыққан.

Ұсталған күдіктілер өз кінәларын толық мойындады, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы