Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

27 Сәуір 2022, 22:09
2813
Бөлісу:
Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Елордада ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейі мен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай көрме өтті.

Аталған көрмеде Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметоваға қатысты фотосуреттер мен мұрағат құжаттары және басқа да жәдігерлер қойылды.

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

Іс-шараның мақсаты - Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерін мәңгілікке қалдыру және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарау ға үйрету.

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

Шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітайұлы, Қарулы күштердің ардагері авиация генерал-майоры Алсай Жұманов, Қазақстандағы жалғыз жойғыш-ұшқыш аға лейтенант Ардана Ботай, елорда мектептеріндегі әскери-патриоттық сыныптардың оқушылары, Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қатысты.

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

 Хиуаз Доспанова – Отанын шексіз сүйген аяулы жан. Мен батыр қыздың қаһармандығы мен ерлігінен рух алып, әскери ұшқыш мамандығын таңдадым, – деді аға лейтенант Ардана Ботай.

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды


Одан бөлек, жәдігерлердің ішінде Хиуаз Доспанованың ғана емес, Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметованың және Ұлы Отан соғысына қатысқандардың жеке заттары, мұрағаттық фотосуреттері, құжаттары да бар.

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

Қазақ қыздарының Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында жаумен шайқасып, тылда ер-азаматтарды алмастырып жеңісті жақындауға қосқан үлесі зор.

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

Шара Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе ұйымдастырылды. Көрмеде Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың фотосуреттері мен барлығы 60 шақты жәдігер қойылды. 

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды
Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

Атырау облыстық Тарихи-өлкетану музейі директорының міндетін атқарушы  Динара Аманжолқызы қандай заттар қойылғанын айтты.

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

Біздің көрмемізде өзінің штурман құралдары, қолғабы, көзі тірісінде қолданған құралдары, өзінің фарфор кесе-ыдысы орын алған, - деді ол. 

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

Басты мақсат майдангерлердің есімдерін мәңгілікке қалдыру, өскелең ұрпақтың Отанға деген мақтаныш сезімін ояту және тарихқа құрметпен қарауға үйрету. Көрме 2-мамырға дейін жалғасады.

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

Көрменің ұйымдастырушысы Дәулет Қадіров көрменің көшпелі екенін айты. 

Елордада Ұлы Отан соғысының батыр қыздарына арналған көрме ашылды

Көшпелі көрме болып табылады. Атырау облыстық Өлкетану музейі Нұр-Сұлтан, кейін Алматы қаласында, өзге де қалаларда жалғасын табад, - деді Қадіров.

 

 

Өзгелердің жаңалығы