Жаңалықтар
-
-
Бір жылда 140-тан астам экспортшының қаржысы қайтарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі уәкілетті орган 2021 жылдан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысындағы компания «QazTrade» АҚ-ы.
26.10.2021
-
Запастағы офицерлер әскерге шақырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігі «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
26.10.2021
-
Еліміздің екі шахматшысы Азия чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22-24 қазан аралығында онлайн форматта шахматтан қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Жарысқа елімізден 11 шахматшы қатысып, оның ішінде төртеуі жүлдеге ие болды.
26.10.2021
-
Биыл Маңғыстауда 160 шақырымнан астам жол жаңартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл өңірде 14 автожол жобасы іске асырылуда. Жұмыстармен облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 161,5 шақырымы қамтылған. Бүгінге дейін соның 29 шақырымы жаңартылған.
26.10.2021
-
Жастар кадрлық резерві. Төртінші кезең басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңі – құзыреттерді бағалау кезеңінің басталғандығын хабарлады.
26.10.2021
-
Тоқаев Михай Варганы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
26.10.2021
-
Назарбаев: Ол ұлағатты ұстаз еді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті әдебиеттанушы, сыншы, филология ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты.
26.10.2021
-
Райымқұлова Қирабаевтың жақындарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова белгілі әдебиет сыншысы Серік Қирабаевтың қайтыс болуына байланысты оның артында қалған ағайын-туысына көңіл айтты.
26.10.2021
-
#Тәуелсіздік30. Мансұров ел тарихына қатысты кітабын кітапханаға тапсырды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залда экономика және саяси ғылымдар докторы, Еуразиялық даму орталығының бас директоры Тайыр Мансұровтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің маңызды оқиғаларына қатысты өзі дайындаған және жарыққа шығарған кітаптарының 2500 данасын кітапхана қорына тапсырды.
26.10.2021
-
Назарбаева оқушыларға Динаның 160 жылдығына орай 160 домбыра сыйлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 оқу-тәрбие мекемесінің 160 оқушысына 160 домбыра сыйға берілді. Музыкалық аспаптарды «Дегдар» гуманитарлық қорының Қамқорлық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева табыстады.
26.10.2021
-
Бізді өзге халықтан ерекше етіп тұрған бай мәдени мұрамыз бар – Жәмила Серкебаева
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Біздің өнеріміз Еуропалық мәденитке негізделуі мүмкін, алайда біз өз туындымызға ұлттық рең беру арқылы өзгелерден өзгеше бола түсеміз. Оны елін сүйетін адам әрдайым есте сақтағаны жөн. Бұл туралы скрипкашы Жәмила Серкебаева бүгін балалар үйінің тәрбиеленушілеріне шеберлік дәрісін өткізу барысында айтты.
26.10.2021
-
1 қарашада магистратураға түсу үшін құжаттар қабылдау басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
26.10.2021
-
Әлиев пен Ердоған Қарабақтағы әуежайды ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Қарабақтың Физули қаласындағы халықаралық әуежайды ашты.
26.10.2021
-
АШМ: Жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау жоспары 10 ай ішінде орындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев хабарлады. Оның айтуынша, республика аумағында таралу қаупі жоғары жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне аурулардың 68 түрі енгізілген.
26.10.2021
-
Елімізде зиянды арамшөптерді өңдеуге 33 млрд теңгеге жуық субсидия берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс хабарлады. Оның айтуынша, биыл елімізде 8,8 млн га алаң зиянды арамшөптерге тексерілген.
26.10.2021
-
Елордада борышкер жеке сот орындаушысына балта ала жүгірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың жеке сот орындаушысы борышкер Н. есімді азаматқа атқару құжаттарын орындау кезінде өміріне қауіп төндіргені үшін полиция бөліміне қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз берген.
26.10.2021
-
Мемлекет басшысы академик Серік Қирабаевтың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
26.10.2021
-
Биыл шегірткеге қарсы күреске бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс хабарлады. Оның айтуынша, елімізде шегірткелермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді.
26.10.2021
-
Елордалық кітапханаларға қанша ақша бөлінеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы барысында қалалық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Санат Шапашов хабарлады. Оның айтуынша, елорда халқы үшін бүгінгі таңда 18 кітапхана жұмыс істеп тұр.
26.10.2021
-
Жануарларға қамқорлық. Заң жобасына түзетулер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бір айдан бері Парламент Мәжілісінде ҚР Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы қаралып жатыр.
26.10.2021
Наверх