Атырауда браконьерлерден 18 тонна балық тәркіленді

13 Мамыр 2022, 07:55
1486
Бөлісу:
Атырауда браконьерлерден 18 тонна балық тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда браконьерлерден 18 тоннадан астам балық тәркіленсе, оның бір тоннасынан астамы бекіре, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Инспекторлар 2 мыңнан астам балық аулау құралын тапты. Ауқымды рейд барысында барлығы мыңға жуық табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды. 40-қа жуық қылмыстық іс қозғалды.

Балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 14 миллион 377 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Атырау және Ақтау қалаларындағы базарларда жүргізілген рейдтердің нәтижесінде заңсыз сауда кезінде Қытайда жасалған аулар, 79 дана тыйым салынған балық аулау құралдары тәркіленді, – деді бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының маманы Рүстем Қорқытов.

Өзгелердің жаңалығы