Біздің арамызда жемқорлар да бар. Ахметжанов полициядағы ішкі тазалық туралы айтты

13 Мамыр 2022, 10:42
1947
Бөлісу:
Біздің арамызда жемқорлар да бар. Ахметжанов полициядағы ішкі тазалық  туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодар  халықына есеп беру кездесуінде айтты.

«Ауруын жасырған өледі» дейді ғой. Сондықтан біз кемшіліктер бар екенін жасырмаймыз. Сол кемшіліктерді сіздермен ақылдасып, пікірлесу арқылы өзгертуге тырысуымыз керек. Онсыз ешқандай жаңа полиция болмайды. Жаңа полицияның қызметі - халықпен бірге болу, оның қорғаны мен қалқаны болуы. Әрине, полицияның қолында қалқаннан басқа шоқпар да бар. Ол шоқпарды халықтың мазасын алып, бекересін алып отырғандарға қарсы жұмсауымыз керек. Сонда сенімді, беделді полиция болады, - деді Ахметжанов. 

Министр Павлодарда кезінде прокурор болғанын айтып өтті. 

Көп жаңашылдық Павлодар облысында енгізілетін. Алғашқы электронды қылмыстық істер, үшбуынды модель осында енгізілді. Осыған дейін көрсеткіш үшін жұмыс істедік. Сол көрсеткіш арқылы полицияға баға берілді. Ал қазір алдын ала жұмыс істеу, іспен айналысу маңызды болып отыр. Мемлекет сапалы қызмет көрсетуі керек, ал халық оларға жүктелген міндетті орындауы керек. Сол кезде гармония болады. Ешқашан біржақты дүние жүзеге аспайды, - деді Ахметжанов. 

Министр атағандай, «бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді» деп те айтады қазақ.

Бізде де бар, жасырмаймыз. Арамызда құқық бұзушылықтар да болды. Қылмыс жасағандар да болы. Біздің арамызда жемқорлар да бар. Бірақ олармен тыңғылықты күрес жарияладық. Жасырмаймыз. Павлодар облысында жетекшілер деңгейінде де жемқорлар болды. Жақында департамент басшысының орынбасары ұсталды. Бұрынғы департамент басшысы іздеуде жүр. Мұндайларды жасырмау керек. Біз оның қайталанбауын қамтамасыз етуіміз керек. Ішкі тазалық керек, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы