Жамбылдық полицейлер 10 қару, граната және 600-ден астам патрон тапты

13 Мамыр 2022, 09:20
1684
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер 10 қару, граната және 600-ден астам патрон тапты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағынан 10 қару, 2 граната, патрондар, каскалар, сауыт-саймандар, рация тауып тәркіледі.

Табылған қарулардың  арасында Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, «Компакт» маркалы тапанша, тегіс ұңғылы карабин, қос ауызды тегіс ұңғылы мылтық, «ИЖ-56» екі ұңғылы құрама мылтық, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтықтар, 2 жарық-шу гранатасы, әртүрлі калибрлі 648 патрон болды. Қаруларға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды, - делінген хабарламада.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы