Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

13 Мамыр 2022, 05:41
1235
Бөлісу:
Шымкентте тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттегі тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Otyrar.kz-ның хабарлауынша, қашқын бір күннен кейін қалада ұсталды. Ол мұнай-газ құбырына ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталған еді, енді оған түзеу мекемесінен қашты деген тағы бір айып қосылды.

12 мамырда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қашып кеткен азаматты Қылмыстық атқару жүйесі департаменті және облыстық ІІД жедел уәкілдері ұстады, – деп хабарлады Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері.

Аталған факті бойынша Шымкент қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы