Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-де түрік құқық қорғау органдарымен кездесу өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Түркия Республикасы жандармерия Бас қолбасшысының орынбасары Мұса Читилмен кездесті.
![ІІМ-де түрік құқық қорғау органдарымен кездесу өтті](/userfiles/images/00861162-e681-4596-bc13-5300c31d1e3e.jpeg)
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Қатысушылар Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының терең тарихи тамыры мен ортақ рухани құндылықтары бар екенін атап өтті.
Кездесу өзара түсіністік және сындарлы диалог атмосферасында өтті.