Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы қаулы қабылдады

12 Маусым 2019, 18:39
2415
Бөлісу:
Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы қаулы қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін (бұдан әрі – Кеңес) құру туралы қаулы етті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде: 1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін; 2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін», - делінген қаулыда.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Өзгелердің жаңалығы