Тоқаев: Президент сайлауы – соғыс алаңы емес

9 Маусым 2019, 10:10
3338
Бөлісу:
Тоқаев: Президент сайлауы – соғыс алаңы емес
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев №115 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ, ол сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

«Әрбір сайлау, әсіресе президент сайлауы – бұл соғыс алаңы немесе текетірес үшін себеп емес. Бұл бағдарламалар мен пікірлер сайысы», - деп атап өтті президент.

Тоқаев: Президент сайлауы – соғыс алаңы емес


 

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты бүгінгі сайлауда белсенділік танытатынына сенім білдірді.

Тоқаев: Президент сайлауы – соғыс алаңы емес


 

«Бүгін ерекше күн, мұны тарихи күн деуге де болады. Өте жауапты кезең келіп отыр. Халқымыз елімізде болып жатқан саяси өзгерістерге ешқашан бей-жай қарамаған. Бүгін азаматтарымыз сайлауға келіп, еліміздің болашағы үшін дауыс беріп, өз белсенділіктерін білдіреді деп білемін», - деді Мемлекет басшысы.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафинаның сөзінше, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00-де еліміздің барлық аймағындағы 9920 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Оның ішінде 15 мемлекеттегі 17 сайлау учаскесі бар. Шет мемлекеттерден Оңтүстік Корея, Жапония, Малайзия, Қытай, Моңғолия, Сингапур, Тайланд, Индонезия, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Үндістан және Тәжікстандағы сайлау учаскелері ашылған. Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылардың саны 11 947 995 сайлаушы. Ал қалған шетелдегі 48 сайлау учаскесі дауыс беруді кешірек бастайды.

 

Өзгелердің жаңалығы