Тоқаев қаза тапқан автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты

15 Қыркүйек 2019, 21:25
3092
Бөлісу:
Тоқаев қаза тапқан автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы, Шамалған станциясында жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысып қалуы салдарынан қаза тапқан автобус жүргізушісінің туыстарына көңіл айтты.

«Алматы облысы, Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде пойыз автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды», - деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми парақшасына.

Бұған дейін Алматы облысындағы Шамалған станциясында жолаушылар пойызы мен автобусы соқтығысып, автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы