Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысты

15 Қыркүйек 2019, 20:50
4107
Бөлісу:
Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысты
VIDEO

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жолаушылар пойызы автобусты қаққан сәт түсірілген видео жарияланды. 


Бейнежазбада шлагбаум алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте жолаушы пойызы келіп автобусты қағады. Видеода адамдардың жанұшыра дауыс шығарып, айқайлап жатқанын естуге болады.

ҚТЖ басшысының кеңесшісі Руслан Иманқұловтың берген ақпаратқа сәйкес, оқиға Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған. Автобус жүргізушісі сигналды елеместен пойыз жүретін жолға шығып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы