«Нұр Отан» партиясының XVIII съезі. Live

27 Ақпан 2019, 08:20
19335
Бөлісу:
«Нұр Отан» партиясының XVIII съезі. Live
PHOTO VIDEO

Астана, Тәуелсіздік сарайы. BAQ.KZ тілшілері Қымбат Елтайқызы, Рахиля Бекназарқызы.  Бүгін, 27 ақпан күні сағат 11:00-де «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі басталады. Оған Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

14:00-де аяқталды


13.55. «Нұр Отан» партиясының кезекті Съезінен 200-ден астам журналист ақпарат таратты.

Съезд аяқталып, Қазақстанның эстрада жұлдыздары ән шырқап жатыр.

13.54. Съезд аяқталып, Қазақстанның эстрада жұлдыздары ән шырқап жатыр.

13.53. Назарбаев: Ел ішіндегі бірлік керек. Экономиканы өсіріп, өндірмесек, әлеуметтік жағдайымызды өсіре алмаймыз. Сондықтан барлығымыз бірлесе жұмыс істейік.

13.52. Назарбаев: Мен халықтың арман-тілегін сездім, сол себептен Үкіметті ауыстыруға тура келді. Жаңа адамдар келді. Мен тәжірибелі, білікті, білімді адамдар келді деп үміттенемін. Мен олар экономиканы дамытып, атқарушы билік одан да нақты және жауапты жұмыс істейді деп ойлаймын.

13.52. Назарбаев: Ең бірінші идея - қолымызға түскен Тәуелсіздікті ұстау үшін экономикалық және әлеуметтік жағдай жақсы болу керек.  Сыртымыз бен ішімізді бақылап отыруымыз керек.

13.51. Президент: Алдымызда келе жатқан сайлаулар бар. Парламенттің сайлауы, президенттің сайлауы болады.

13.50. Назарбаев: Бүгін Партияның 2030 жылға арналған бағдарламасын қабылдадық.

13.49. Нұрсұлтан Назарбаев Съезд жұмысын қорытындылауға кірісті. 

13.48. "Нұр Отан" саяси кеңес бюросының мүшелері сайланды. Оған Саяси кеңес мүшелері ғана дауыс берді.

14.47. Мәулен Әшімбаев жаңадан тағайындалған Саяси кеңес пен бақылау-тексеру комиссиясының мүшелеріне сәттілік тіледі.

13.45. Қаныбек Жұмашев "Нұр Отан" партиясының орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелігіне үміткерлерді ұсынды.

13.34. "Нұр Отан" партиясының хатшысы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы партияның 4 жыл бойы жаңарып отыратын жаңа  Партия Саяси кеңесінің және Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау тізімін таныстырды.

13.32. Съезде партияның латын қарпіндегі жаңа логотипі көрсетілді. Логотиптегі атауды партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен жазған. Күндегі 17 шапақ біздің 14 облыс пен маңызы ерекше 3 қаламызды білдіреді.

Съезде партияның латын қарпіндегі жаңа логотипі көрсетілді. Логотиптегі атауды партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен жазған. Күндегі 17 шапақ біздің 14 облыс пен маңызы ерекше 3 қаламызды білдіреді.


13.30. Партия жарғысына өзгертулер мен түзетулерді жиналғандар бірауыздан қабылдады.


Нұр Отан, Нұротан, съезд, сиез, съез, XVIII, 18, он сегізінші, Астана, Тәуелсіздік сарайы

13.25. ҚР Парламенті  Мәжілісі заңнамалық және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Мәжітұлы Әбдіров сөз алды.

Съезде партияның латын қарпіндегі жаңа логотипі көрсетілді. Логотиптегі атауды партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өз қолымен жазған. Күндегі 17 шапақ біздің 14 облыс пен маңызы ерекше 3 қаламызды білдіреді.

13.23. Партияның атауын латынша жазу ұсынылды. Съезде партияның латын қарпіндегі жаңа логотипі көрсетілді.


13.21. «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды.


WhatsApp Image 2019-02-27 at 12.18.23.jpeg

13.16. "Жас Отан" жастар қанатының Ақтөбе облысы филиалының төрағасы Қасымжан Үкітай сөз алды.


13.11. Назарбаев: Көптеген елде алғашқы медициналық қызмет дамыған. Диагностика мен емдеуге көп нәрсе байланысты екенін білу керек. Ал біз зәулім ғимараттар, ауруханалар салып үйреніп қалдық.

"Қазақмыс" ЖШС кәсіпорнының директоры Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев сөйледі.

13.10. "Қазақмыс" ЖШС кәсіпорнының директоры Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев сөйледі.


Атырау облыстық Кардиология орталығының кардиолог дәрігері Жанар Оралбаева медицина саласындағы жетістіктер мен проблемаларды атап өтті.

13.03. Атырау облыстық Кардиология орталығының кардиолог дәрігері Жанар Оралбаева медицина саласындағы жетістіктер мен проблемаларды атап өтті.

13:02. Назарбаев "Стем" академиясының басшысына: Өмірзақ Шөкеев оқуға барғанда бір сөз орысша білмепті. Бүгінде жаңа облысты басқарып отыр.

12.59. Әбутәліп Мутәлі: Мұғалімдікке баратын жастардың саны төмендеп кетті.


"Стем" академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мутәлі сөйлеп жатыр.

12.56. "Стем" академиясының негізін қалаушы Әбутәліп Мутәлі сөйлеп жатыр.



Нұр Отан, Нұротан, съезд, сиез, съез, XVIII, 18, он сегізінші, Астана, Тәуелсіздік сарайы

12.49. Бала құқығын қорғау қорының құрылтайшысы Динара Зәкиева сөз сөйлеп жатыр.


Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп жатыр.

12.43. Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп жатыр.


12.41. Самал Сағындыққызы Тілеубаева: Жеңіл өнерскәсіпті ауылда дамыту керек. Себебі ол әйелдерді жұмыспен қамтуға көмектеседі. Сонымен қатар, әйелдердің жұмыс графигін икемді қылуды көздеу керек.


12.37. Ақмола облысындағы «SAMHAT» ЖШС директоры Самал Сағындыққызы Тілеубаева сөйлеп жатыр.

Ақмола облысындағы «SAMHAT» ЖШС директоры Самал Сағындыққызы Тілеубаева сөйлеп жатыр.



12.28. «Зенченко и К» коммандит серіктестігінің директоры Зенченко Иван Геннадьевич сөйлеп жатыр.

Нұр Отан, Нұротан, съезд, сиез, съез, XVIII, 18, он сегізінші, Астана, Тәуелсіздік сарайы



Алматы облысынан келген көпбалалы ана Ғалия Ниязқызы сөз сөйлеп жатыр.Біртіндеп барлық мәселе шешіліп жатыр. Мемлекет көпбалалы отбасыларға ұдайы әлеуметтік қолдау жасап келген және жасай береді де.

12.20.  Алматы облысынан келген көпбалалы ана Ғалия Ниязқызы сөз сөйлеп жатыр.
Біртіндеп барлық мәселе шешіліп жатыр. Мемлекет көпбалалы отбасыларға ұдайы әлеуметтік қолдау жасап келген және жасай береді де.

12.14. Съезде «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Лаврентьев Андрей Сергеевич сөз алып, компанияның әлеуеті жайлы баяндауда.

12.10. Съезде Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов сөз сөйлеп жатыр. Ол Парламент жұмысы жайлы баяндауда.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйлеп жатыр. Ол партияның жаңа бағдарламасының халыққа пайдасы зор екенін айтты.

11.59. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйлеп жатыр. Ол партияның жаңа бағдарламасының халыққа пайдасы зор екенін айтты.


Нұр Отан, Нұротан, съезд, сиез, съез, XVIII, 18, он сегізінші, Астана, Тәуелсіздік сарайы

11.52. Назарбаев: «Алға «Нұр Отан» - Алға, Қазақстан!».

Мемлекет басшысы партияның XVIII съезіндегі алғысөзін аяқтады.

11.50. Назарбаев: Халықпен шынайы ашық диалог құруымыз керек. Нұротандықтар мұны жасай алады. «Нұр Отан» – қоғамдық бақылаудың басты институты болу керек.

11.49. Назарбаев табысы төмен, мүгедек балалары бар көпбалалы әрі толық емес отбасылар үшін де баспанаға қол жетізу мүмкіндігін арттыру керектігін, азаматтардың бұл санатына ТҮҚЖБ арқылы жылына 2-3 процентпен тұрғын үй заемдарын беру механизмін әзірлеуді тапсырды.

11.47. Назарбаев: Мен болып, Үкімет болып, Партия мүшелері болып аурухана, мектеп, коммуналдық шаруашылықты, барлық жағдайды бірге қарауымыз керек. Үкіметтің бұдан басқа қандай жұмысы бар?!

11.45. Назарбаев Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Олардың басым бөлігі тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілуі тиіс. Осы мақсатқа алдағы 7 жылда қосымша жыл сайын 50 млрд теңгеден бөлінеді.

11.44. Назарбаев: Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырамын. Оған 2019-2021 жылдарға 90 млрд теңге бөлінсін.

11.43. Назарбаев: Тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту бойынша жұмысты оңтайландыру қажет.

11.40. Елбасы әкімдерге көмекке мұқтаж отбасыларға қатысты өңірлік бағдарламаларды қайта қарауды тапсырды.

11.36. Назарбаев: Кіші және моноқалаларды дамыту үшін жақын 3 жыл үшін 10 млрд теңге бөліну керек.

11.35. Президент Үкімет пен әкімдерге ауылдағы көпбалалы отбасыларға жеке квота, грант пен микрокредиттерді енгізуді тапсырды. Бұл жұмысқа Нұр Отан мен Атамекен де қатысуы тиіс.

11.34. Назарбаев: Жол мәселесіне қатысты 350 млрд теңге бөлуді тапсырамын.

11.32. Назарбаев: Әкім тұрғындармен жылына бір рет емес, бірнеше рет кездесуі керек. Мұғалімдермен, дәрігерлермен кездесу керек. Жылына бір рет шығу деген болмау керек. Жиі кездесу керек.

11.31. Президент Тараздағы жарылысқа қатысты көңіл айтты. Ол тұрғындарды абай болуға шақырды. Бүгін Таразда газ баллоны жарылған болатын.

11.28. Назарбаев: Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмекті 111 мың отбасы алып отыр. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге жәрдемақы бекітілсін.

11.26. Назарбаев: Толық емес, көпбалалы отбасыларға үйде жұмыс істеу жағдайларын жасау керек.


11.24. Назарбаев: Көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту керек. Бүгінде елімізде 340 мыңға жуық отбасында 4 баладан артық бала бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға 500 млрд теңгеден артық бөлінеді. Бұл отбасылардың кірісі әртүрлі деңгейде. Оларға көмек көрсетуде табыс деңгейіне қарау керек. Көп кіріс кіретін отбасылар мен айлығы төмен отбасыларға мемлекет бірдей көмек көрсетпей, ең алдымен, мемлекет табысы төмен көпбалалы отбасыларға мән беру керек.


11.20. Назарбаев: Азаматтардың кірісі 16 есе көбейді. 141 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.

11.17. Республикалық бюджеттің 40% астамы әлеуметтік салаға жұмсалады. Мен Ұлттық қордан халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қаржы бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет осы шығындарды дұрыс әкімшілендіру керек – Назарбаев

11.11. Назарбаев: Сындарлы жылдарда жанымнан табылып, биік белестерді бағындыруға атсалысқан партия мүшелеріне алғыс білдіремін.

11.09. Назарбаев: «Нұр Отан» саяси күшке айналып, жұмысын істеп келе жатыр.

11.07. Нұрсұлтан Назарбаев партия Съезін ашты. Елбасы партияның 20 жылдығымен құттықтады.

11.06. Съезд сағат 14.00-ге дейін жалғасады - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

11.05. Съездегі барлық шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданды. Осылай дауыс беруді қатысушалардың барлығы қолдады.

11.04. Съезге қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады.

11.01. Съезге 1 117 делегат қатысып отыр - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Съезге 1 117 делегат қатысып отыр - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.


10.59. «Нұр Отан» партиясының кезекті Съезі басталды. Президент шараға келді. Қазір «Нұр Отан» туралы бейнеролик көрсетіліп жатыр.


10.56. Съезге Президент әкімшілігі, Парламент депутаттары, Үкіметтің жаңа құрамы, партияның белсенді мүшелері, қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген өкілдер қатысып отыр. Олар орындарына жайғасып, Съездің басталуын күтіп отыр.


10:51. БАҚУАТТЫ ҚОҒАМ:  ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ 10 МАҚСАТЫ 
1 мақсат: ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫНЫҢ БАҚУАТТЫЛЫҒЫ  
2 мақсат: ӘРБІР АДАМ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАШАҚ БІЛІМІ
3 мақсат: САЛАМАТТЫ АДАМДАРДЫҢ ҚУАТТЫ ҰЛТЫ
4 мақсат: ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА
5 мақсат: ДАМЫҒАН БИЗНЕС, ҚОҒАМНЫҢ БАҚУАТТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
6 мақсат: АЗАМАТТАРДЫҢ ЖАЙЛЫ ӨМІР СҮРУІ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ
7 мақсат: АЗАМАТТАРДЫҢ МҮДДЕСІН БІЛДІРЕТІН ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ
8 мақсат: ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ҚОҒАМЫ
9 мақсат: ЖАСТАР – ЗОР МҮМКІНДІКТЕРГЕ ИЕ ҰРПАҚ
10 мақсат: «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ


10:18. Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты.
«Бірінші бастама – кадрлық резервке қатысты. Екінші – жергілікті және Мәжіліс депутаттарына сайланатын кандидаттарды партиялық тізіммен ұсыну. Үшінші – әлеуметтік мәселе. Осы мәселелердің барлығын қамтиды. Партия ел экономикасының дамуына аса мән береді. Алдағы онжылдықта да үлкен жұмыстар атқарылады деп күтілуде. Жаһандану заманына қатысты да үлкен талаптар бар» - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Камал Қуанжан 10 мақсаттың 3 негізгі бастамасын айтып берді.

Айта кетейік, күні кеше панельдік сессиялар кезінде «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданған болатын.

10:10. «Нұр Отан» партиясы жарнасының пайыздық мөлшері азайды.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Камал Қуанжан.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өсуіне байланысты партия жарнасының пайыздық мөлшері 1%-тен  0,7% төмендеп отыр. Елбасы еліміздің әлеуметтік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Партия әр уақытта ол мәселелерден тыс қалмайды. Оны жүзеге асыруға бар күш-жігерін жұмсайды» – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Камал Қуанжан.


10:05. «Жиырма жылдық тарихы бар «Нұр отан» партиясы алдағы уақытта да әлеуметтік көмекке байланысты орасан зор жұмыс атқарады деп есептеймін. Партия елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді. Кеше ғана партияның саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырыста партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күн – тарихи күн. Себебі, тарихи шешімдер мен құжаттар қабылданады» - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Камал Қуанжан.


09:51. Бізге Америка ашудың қажеті жоқ  - Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры Қаппарова Айгүл.

Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры Қаппарова Айгүл

«Съезге үлкен дайындықпен келдік. Оның үстіне, біздің партияның 20 жылдығы. 20 жылда Тәуелсіз Қазақстан  шежіресі партиямен бірге үндесіп келе жатыр. Съезден партия мүшелері ғана емес, бүкіл Қазақстан жаңалықтар, жаңа реформа күтеді. Елбасымыз кеше Үкімет отставкаға кетердің алдында Нұр Отанның съезінде «жаңадан жасақталған Үкіметке нақты тапсырмалар беріледі» деді. Еліміз әлеуметтік салада жаңа өзгерістер күтіп отыр. Мемлекет басшысы айтқандай, елімізде халықтың әлеуметтік сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалар көп. Тек оның орындалуында кемшіліктер бар. Бізге жаңадан велосипед ойлап шығарудың, «Американы» ашудың керегі жоқ. Бар дүниені, берілген тапсырманы дұрыстап орындау керек».

Бүгінде ауылдан келген азаматтарға мегаполиске үйренісіп кетуі үшін партия жанынан «Бейімдеу орталығы» қарқынды жұмыс істеп отыр.

«Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші мегаполис болған Шымкентте проблемалардың бірі – жабайы урбанизация. Яғни, ауылдан қалаға кәсіп іздеп, жұмыс іздеп келетіндер көп. Соның есебінен, оның ішінде, көпбалалы отбасылар, пәтер жалдап тұратындар бар. Бұл – әлемдік мегаполистерде кездесетін проблемалар. Олар жұмысқа кірейін десе, тұрақты мекенжайға тіркелу керек. Бұдан бөлек оларды бірден қарсы алатындай жағдай жоқ. Енді «Нұр Отан» партиясының жанынан арнайы Бейімдеу орталығы ашылды. Орталық ауылдан келген жастарға да үлкен қолғабыс бола алады. Қалаға келген ауылдықтардың жұмысқа орналасуына, қалалық өмірге бейімделуіне көмектеседі. Өркениеттің барлық игілігі ауыл мен қалаға бірдей болу керек.
Біздің партия бақылаушы орган болғандықтан, Шымкентте алғаш рет «Ашық әкімдік» ашылды. Әкімнің кабинетінде отырып емес, төменге бірінші қабатқа түсіп, ашық терезе арқылы тұрғындармен әңгімелеседі. Оларды кабинетте қабылдауы бір бөлек, бұл – басқа. Әр жұма күні әкімдіктің сайты арқылы тіркелген тұрғындар проблемасын қала басшысына тікелей айта алады».

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған кезекті съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа Бағдарламасы талқыланады. Алдағы онжылдыққа ұсынылған партияның бұл бағдарламасы Елбасының елімізді жан-жақты жаңғыртуға арналған бағытын жалғастыруды және қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған» - Орал қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінің делегаты Аққали Әубекеров.


«Біздің басты мақсатымыз – партияның «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасындағы уәделерімізді орындау және «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мен онжылдық кезеңге арналған партия Бағдарламасында белгіленгендей, 30 дамыған елдің қатарына ену бағытында жұмыстарды сапалы жүргізу. Партия Жарғысының 9.6 тармағына және Орталық аппарат квотасына сәйкес, XVIII Партия Съезінде Алматы қалалық филиалынан 90 делегат, оның ішінде Орталық тізім бойынша – 23 адам ұсынылды» - Алматы қалалық Мәслихаты «Нұр Отан» фракциясының депутаты, Әлеуметтік мәселелер және көлік инфрақұрылымы жөніндегі комиссияның төрайымы Роза Бадаева.

Бүгінгі съезде партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы талқыланып, партия саяси кеңесінің құрамы жаңартылады. Съезге 2 000 адам қатысады.



09:11. Журналистер іс-шарадан ақпарат таратуға сақадай сай. Олар арнайы жабдықталған пресс-залда жұмыс істейді.

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезі. Live

 


08:30. Қазір жер-жерден келген делегациялар, журналистер жиналып жатыр.





Қымбат Елтайқызы, Рахиля Бекназарқызы. 


Өзгелердің жаңалығы