Италиядағы су тасқыны: қаза тапқандар бар

18 Сәуір 2025, 23:58
1210
Бөлісу:
Италиядағы су тасқыны: қаза тапқандар бар
Фото: Antonio Masiello/Getty Images

Италияның солтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр мен желдің салдарынан бірнеше қаланы су басып, инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Венето аймағының Виченца ауданында апаттың салдары ең қайғылы болды. Су тасқынынан әкесі мен баласы қаза тапты. Құтқару жұмыстары барысында олардың денелері көліктің шұңқырға түсіп кетуінен соң бірнеше сағаттан кейін табылды. Ер адамдар апаттан зардап шеккен муниципалитеттерге көмек көрсету үшін еріктілер ретінде барған екен.

Ауа райының қолайсыздығы Италияның басқа аймақтарына да әсер етті. По өзенінің тасуына байланысты Ломбардия мен Эмилия-Романья аймақтарында қызыл ескерту жарияланды, Пьемонтта қызғылт сары ескерту жасалды. Турин аймағында 92 жастағы ер адамның суға батып, қаза тапқаны туралы да хабарланды.

Пьемонттағы шығын мөлшері алдын ала есептеулер бойынша бірнеше ондаған миллион еуроны құрауы мүмкін. Бұл аймақта ауа райының қолайсыздығынан көшкіндер, су тасқындары, эвакуациялар мен көпірдің құлауы орын алды. Төтенше жағдайлар қызметінің 700-ден астам қызметкері зиянды жою жұмыстарын жүргізуде.

Валле-д'Аоста аймағында шамамен 7 мың адам жарықсыз қалды.

Өзгелердің жаңалығы