Еуропалық Одақ Apple мен Meta-ға қарсы санкцияларды уақытша тоқтатты

19 Сәуір 2025, 01:24
569
Бөлісу:
Еуропалық Одақ Apple мен Meta-ға қарсы санкцияларды уақытша тоқтатты
Фото: pixabay

Еуропалық Одақ (ЕО) АҚШ-тың Apple мен Meta компанияларына қарсы шектеу шараларын енгізуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам жаңа сауда келісімі туралы келіссөздер кезінде Ақ үймен қарым-қатынасты нашарлатпау үшін жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Газеттің мәліметі бойынша, Еуропалық комиссия бастапқыда Apple мен Meta-ға ЕО-ның цифрлық нарықтар туралы Заңын бұзғаны үшін бұйрықтар жіберуді жоспарлаған болатын. Сонымен қатар, компаниялар ақшалай айыппұлдарға тартылуы мүмкін еді. Алайда, ЕО осы шараларды кейінге қалдырды, себебі бұл АҚШ-пен сауда келісімін жасау бойынша күш-жігерді қиындатуы мүмкін.

Apple мен Meta-ға қатысты шектеу шараларының нақты мерзімдері әлі белгіленген жоқ, бірақ олар жақын арада жариялануы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы