Пойыздар соқтығысты: зардап шеккендер бар

19 Сәуір 2025, 03:40
719
Бөлісу:
Пойыздар соқтығысты: зардап шеккендер бар
Фото: thezimbabwemail.com

Зимбабве мемлекетінің Гванда қаласы маңында жолаушылар мен тауар пойыздарының соқтығысуы салдарынан 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Zimbabwe Mail басылымына сілтеме жасап.

Апат Ровос Рейл компаниясының жүк пойызы мен люкс пойызының арасында болған, оларда 47 шетелдік турист отырған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, Дағыстанда да пойызбен соқтығысу нәтижесінде екі бала мен бір ересек адам зардап шекті. Оқиға Ставрополь – Зладный – Моздок – Кизляр – Крайновка автожолының 482-ші шақырымындағы теміржол өткелінде орын алды.

Соқтығысу кезінде жүргізуші мен оның екі кәмелетке толмаған баласы (төрт және 10 жаста) жарақат алды. Үшеуі де Кизлярдың Орталық қалалық ауруханасына жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы