Эквадорда әтештер төбелесі кезіндегі атыстан 11 адам қаза тапты

19 Сәуір 2025, 02:38
753
Бөлісу:
Эквадорда әтештер төбелесі кезіндегі атыстан 11 адам қаза тапты
Фото: ecuavisa.com

Эквадордың Манаби провинциясында әтештер төбелесі кезінде террористік деп танылған топтың 12 мүшесі қарулы шабуыл жасады. Нәтижесінде 11 адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ ecuavisa телеарнасына сілтеме жасап.

Ұлттық полицияның мәліметінше, қаза тапқандар арасында әйелдер мен кәмелетке толмағандар да бар. Шабуыл барысында қаскүнемдер 20 мың долларлық жүлде қорын ұрлап кеткен.

Полиция атыс жасағандар туралы ақпарат берген азаматтарға сыйақы тағайындады.

Өзгелердің жаңалығы