Бас жаңалықтар
Съезд қарсаңында. Жаңа бағдарлама партияны басты қозғаушы күшке айналдырады
22 Ақпан 2019, 17:15 681

Съезд қарсаңында. Жаңа бағдарлама партияны басты қозғаушы күшке айналдырады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Орал қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінің делегаты Аққали Әубекеров осылай дейді.

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған кезекті съезде партияның 2030 жылға дейінгі жаңа Бағдарламасы талқыланады. Алдағы онжылдыққа ұсынылған партияның бұл бағдарламасы Елбасының елімізді жан-жақты жаңғыртуға арналған бағытын жалғастыруды және қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған», - дейді Аққали Әубекеров.

Оның айтуына қарағанда, 10 басты мақсаттан тұратын бағдарламада жаһандық сын-қатерлер және жаңа нақты ахуал мәселелеріне шолу жасалып, іс-қимылдар қамтылмақшы.

«Бағдарлама партияны елді жаңғыртудың басты қозғаушы күші ретінде қарастыра отырып, Қазақстанның жаңа әлеуметтік бағытының тұтас көрінісін ұсынған. Жаңа әлеуметтік саясат бекітіледі. Соның ішінде, мысалы, көпбалалы отбасыларды қолдауды күшейту; ата-аналарға қаржылай қолдау көрсету деңгейін арттыру; базалық зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшерін ұлғайту; білім берудің жаңа моделін енгізу; педагогтарға ақы төлеу деңгейін арттыру; медицинаның ең жоғары әлемдік стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету; еңбекпен қамту; бизнесті қолдау; жаңа тұрғын үй саясаты; жастарды қолдауға бағытталған шаралар, т.б. қатарлы нақты бағыттар көрсетілді. Мемлекет басшысы төрағалық еткен партияның бұл бағдарламасында жыл сайын 12-13 млн шаршы метрден кем емес тұрғын үй құрылысына қол жеткізілетіндігі айтылған» - дейді ол.

Сонымен қатар, ол жаңа бағдарламада басқа қандай артықшылықтар көзделгенін айтты.

«Партияның жаңа бағдарламасында: «Таяу онжылдық біздің партия үшін Отан игілігіне бұдан да белсенді жұмыс істеу кезеңі болмақ» делінген. Әлемдік үрдістерге қарамастан жаңа бағдарлама әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға, сапалы өмір сүруін қамтамасыз ететіндігіне сенімім мол. Жалпы алғанда, жаңа бағдарлама тұғырымызда нық тұруға жеткізетін жолдарды анық көрсетті», - дейді Аққали Әубекеров.

Ержан Жаубай

Сізден жаңалық