Орал, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы Орал қаласының әуежайын қайта жөндеу жұмыстарының жоспарымен танысып, өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралайды. Сондай-ақ, облыс жұртшылығымен кездесу жоспарланған" - делінген Берік Уәли таратқан ақпаратта.