Қордайдағы төбелес. Шекара күзеті күшейтілді

8 Ақпан 2020, 07:13
3571
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес. Шекара күзеті күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғыз-қазақ шекарасында орналасқан Қырғызстанның шекарашылары Қазақстанның шекаралас аймағындағы ауылдағы жағдайдың ушығуына байланысты шекара күзетінің қызметін күшейтті. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі 7-8 ақпанға қараған түні хабарлады, деп жазды АКИpress.

Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы, Қордай ауданында, Шу облысының аумағымен шектесетін аймақта жағдайдың ушығуына байланысты, шекарада орналасқан бақылау-өткізу пункттері мен GPS қондырғылары қызмет көрсетудің жетілдірілген нұсқасына ауыстырылды, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Министрлік мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ бөлігіндегі жағдай тұрақты деп мәлімдеді.

Бұған дейін, 7 ақпанда, жұма күні, Қазақстанның Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе және Масаншы ауылдарында жаппай төбелес болғандығы белгілі болды. Бүгінде ауыл тұрғындары арасындағы жаппай төбелес бойынша ҚР ҚК 243 бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы төбелесті арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған деп мәлімдеме жасады. 

Өзгелердің жаңалығы