Қордайдағы төбелес. Арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған – Тоқаев

7 Ақпан 2020, 23:50
2927
Бөлісу:
Қордайдағы төбелес. Арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.

Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында тұрғындар арасында жаппай төбелес болғанын хабарлағанбыз. Бүгінде ауыл тұрғындары арасындағы жаппай төбелес бойынша ҚР ҚК 243 бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өзгелердің жаңалығы