Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 11:30 шамасында «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығындағы Sky Beach Club демалыс орнының бассейнінде 2010 жылы туған оқушы қыз суға батып кетті, деп хабарлады «Хабар 24».
Ақпаратты Ішкі істер департаменті растады.
Бүлдіршін демалыс орнында мектеп жанындағы лагерьдің балаларымен және тәлімгермен бірге болған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша сараптама және тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жабық бассейнде лагерьден барлығы 30-дан астам бала болған. Олар Нұр-Сұлтан қаласының №10 мектеп-гимназия оқушылары.