Ирандағы ұшақ апаты: Ешкім тірі қалмады

8 Қаңтар 2020, 11:38
1704
Бөлісу:
Ирандағы ұшақ апаты: Ешкім тірі қалмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңертең Иран астанасы Тегеранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақ бортындағы 180 адамның ешқайсысы тірі қалмаған.

Бұл туралы tasnimnews.com ақпарат агенттігі хабарлады.

Ақпарат агенттігінің хабарлауына қарағанда, Иран төтенше жағдайлар басқармасының басшысы ұшақ апатынан ешкімнің тірі қалмағанын растаған.

Бұған дейін Tasnim Тегеран маңында құлаған украиналық ұшақтың бортында 180 жолаушы болған деп хабарлаған.

Кейін ұшақ апатының видеосы жарияланды

Оқиға орнына жедел жәрдем жеткен болатын.

Қызыл Жарты ай өзінің Twitter парақшасында Тегеран маңындағы украиналық ұшақ апатының орнынан фото жүктеді. Онда ұшақтың сынықтары, апат болған жерде жүрген мамандар бар.

Иран Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі РИА Новости агенттігіне берген ақпаратында, ұшақ апатынан адамдардың аман қалуы екі талай деген.

Қазақстан СІМ ұшақ бортында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ, Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларына шабуыл жасағаннан кейін АҚШ азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) америкалық әуекомпанияларға Иран, Ирак, сонымен қатар Парсы және Осман шығанақтарының үстінен ұшуға тыйым салды.

Өзгелердің жаңалығы