Әлімханұлы: Биыл чемпиондармен жұдырықтасқым келеді

8 Қаңтар 2020, 11:30
28919
Бөлісу:
Әлімханұлы: Биыл чемпиондармен жұдырықтасқым келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие қазқастандық Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) биылға үлкен жоспарлар қойып отыр.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына: "2020 жылы чемпиондармен жұдырықтасқым келеді", - деп жазды.

Мұның алдында қазақстандық боксшы орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андрадені бірнеше рет жекпе-жекке шақырған. Амеркиалық боксшыдан бөлек бұл дивизионда тағы бес чемпион бар: IBF және IBO белбеуі қазақстандық Геннадий Головкинде (40-1-1, 35 КО), WBA (Super) мексикалық Сауль "Канело" Альваресте (53-1-2, 36 КО), ал WBC америкалық Джермалл Чарлода (30-0, 22 КО).

Сонымен қоса, WBA ұйымында тағы "регуляр" белбеуі бар, оны жапониялық чемпион Риота Мурата (16-2, 13 КО) иеленіп отыр және ұйымның "уақытша" чемпионы титулы британиялық Крис Юбенкте (29-2, 22 КО).

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 10 қараша АҚШ-тың Фресно қаласында өткізіп, алтыншы раундта канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) нокаутқа түсірген. 

Өзгелердің жаңалығы