Иран Сулейменидің өлімі үшін кек алатынын мәлімдеді

3 Қаңтар 2020, 16:06
4630
Бөлісу:
Иран Сулейменидің өлімі үшін кек алатынын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран Ислам революциясы күзет корпусының  "Кудс" арнайы бөлімшесі басшысы Касем Сулейманидің өлімі үшін кек алатынын хабарлады. Бұл туралы РИА Новости агенттігі жазады.

Оның және азаппен қаза тапқандардың қаны кімнің қолында қалса, одан өшпенділікпен кек аламыз, - делінген Иран жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеидің хабарламасында. 

Хаманеи генерал өліміне байланысты үш күндік аза тұту күнін жариялады.

Ирана президенті Хасан Роухани де Сулеймани өлімі үшін АҚШ-тан кек аламын деп уәде етті. 
Сонымен қатар, азаппен қаза тапқан Касем Сулеймани өзінің бауырларына қосылды, АҚШ-тан кек аламыз, - деп мәлімдеді Ислам революциясы күзет корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи.

Иран президентінің кеңесшісі Хесамаддин Ашна АҚШ "өзінің құмар ойындарымен" Таяу Шығыста өзіне қауіп туғызып отыр деп мәлімдеді. 
"Трамп өзігің құмар ойындарымен АҚШ үшін аймақта қауіп туғызды. Қызыл сызықты басып өткен адам оның артындағы қиындықтарғы дайын болу керек ", - деп жазды Ашна өзінің Twitter парақшасында.

Айта кетсек, 3 қаңтарға қараған түні Ирак астанасы Багдадтағы халықаралық әуежай маңында бірнеше жарылыс болды. АҚШ билігі жарылыс болған жердегі Иранмен байланысы бар екі нысанның соққысына қатысы бар екенін хабарлады. АҚШ қарулы күштері Ирактағы Иран генералының өлімінен кейін әскерін толық дайындап қойды.

АҚШ соққысының салдарынан қайтыс болған ирандық генерал Касим Сулейменидің өліменен кейін мұнай бағасы 2% қымбаттады.

Әлемдік БАҚ ирандық генерал Касим Сулейманиді жою туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі берді деген ақпарат таратты.
Өзгелердің жаңалығы