Жол апатынан кейін көлік өзенге батып кеткен: жүргізушінің денесі табылды

18 Сәуір 2025, 22:52
1069
Бөлісу:
Жол апатынан кейін көлік өзенге батып кеткен: жүргізушінің денесі табылды
Фото: Архив

Ақмола облысында жол-көлік апаты салдарынан өзенге батып кеткен көліктің жүргізушісі мен оның иті мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Степногорск–Заводская автожолының 6-шақырымында, Ақсу өзені арқылы өтетін көпір маңында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, 59 жастағы Opel Isuzu Monterey автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы Volkswagen Transporter көлігімен соқтығысқан.

Соққыдан кейін Opel Isuzu жол жиегінен шығып кетіп, өзенге батып кеткен.

Құтқарушылар көлікті сағат 10:40-та судан шығарды. Ал сағат 14:30-да жүргізушінің мәйіті мен оның қасында болған иті табылып, судан алынды. Сонымен қатар, Volkswagen көлігінің жүргізушісі мен жолаушысына медициналық көмек көрсетілді, - деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалған.

Өзгелердің жаңалығы